From Wikipedia, the free encyclopedia
АҚШ президент сайлауы (ағылш. United States presidential election) — келесі төрт жылға Америка Құрама Штаттарының президенті мен вице-президентін анықтайтын сайлау.
АҚШ президент сайлауы жанама сайлау болып табылады, яғни АҚШ азаматтары президент пен вице-президентті тікелей дауыс беру арқылы сайламайды, олар жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесін ескере отырып шешім шығаратын бірнеше сатылы жүйе арқылы сайланады.[1]
АҚШ Конституциясына сәйкес жалпыхалықтық сайлауға тек Америка Құрама Штаттарының азаматтары ғана қатыса алады. Сайлау қараша айының басында, бірінші дүйсенбіден кейінгі сейсенбіде болады, яғни 2 қарашадан ерте емес, 8 қарашадан кейін емес.[2]
Алайда, АҚШ президент сайлауы жанама сайлау болып табылғандықтан сайлаудың ресми әрі түпкілікті қорытындысын сайлаушылар алқасының мүшелері дауыс беру арқылы шығарады.
АҚШ Сайлаушылар алқасының 538 мүшесі бар. Сайлаушылар алқасы президентке және вице-президентке арналған екі бөлек бюллетендерге өз дауыстарын беруі үшін желтоқсанның екінші сәрсенбісінен кейінгі алғашқы дүйсенбіде әр сайлаушылар өз штатының астанасында жиналады. Сайлаушылар бірге жиналмайды, өз штаттарында дауыстарын береді. Үміткер президент болуы үшін сайлаушылар алқасындағы 538 дауыстың кемінде 270-ін алуы керек.[3]
Одан кейін АҚШ Конгресінің арнайы комиссиясы дауыстарды санап, 6 қаңтарда сенат төрағасы президент сайлауының соңғы қорытындысын жариялайды.[4][5]
АҚШ Сайлаушылар алқасы 1787 жылы конституциямен бірге құрылды. Сайлаушылар алқасының міндеттерінің бірі — халқы аз шағын штаттардың таңдауын халық тығыз қоныстанған ірі штаттардың даусы басып кетпеуін қамтамасыз ету. Сондықтан, сайлау алқасындағы әр штаттың өкілдерінің саны олардың Конгрестегі өкілдері санымен бірдей.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.